«Жүзу командасы қазір өсу қарқынын көрсетуде, көшбасшыларға елеулі бәсекелестік туғызып отырған перспективті резерв дайындалды. Бұл бағытта ҚР Туризм және спорт министрлігімен бірлесе отырып резерв пен ересектер құрамасын дайындау бойынша бағдарламалар әзірленуде, жұмыс күшейтілетін болады.
Қазіргі таңда, біз бар күш-жігерімізді Париж-2024 Олимпиада ойындарына жүзу және артистік жүзу лицензияларын жеңіп алуға бағыттап, ресурстарды осы бағытта шоғырландыруымыз керек.
Мамандар жарыстағы сәтсіздіктерді толық талдап, дайындықтың сыни аспектілерін және командалардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбеуінің себептерін анықтай отырып, командалардың өнеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Ханчжоуда ерлер командасының алтын медальдан аластауына және Олимпиада-2024 ойындарына іріктеуден өте алмауына нақты адамдар мен нақты себептердің бары анық. Бұл себептер бізге айдан айғақ көрініп тұр. Жағдайды түзету үшін қателер бойынша жұмыс жүргізіледі, қажетті шаралар қабылдануда.
Ерлер командасының сәтсіз өнер көрсеткеніне қарамастан, біздің федерация ең табысты болып табылатынын атап өткім келеді. Соңғы екі олимпиадалық цикл кезеңінде су спорты шеберлерімен Олимпиада ойындарының «алтын» медалін, Азия ойындарында 22 медальді, оның ішінде 5 «алтын» медалін, оның 2-ін су добы ерлер құрамасы жеңіп алған. Команда 2014 жылғы Азия ойындарының медальдарымен 42 қатысушының 38-і жүлдегер болып оралды, 2018 жылы 42 спортшының 32-сі медаль жеңіп алды, ал биыл 48 қатысушының 37-сі ойындардың жүлдегерлері болып оралды. Жалпы алғанда, Азиялық ойындарда су спорты командаларының өнімділігі жоғары, команданың спортшыларының шамамен 80% әр ойындарда медальға ие болады.
Біздің ерлер су добы командасы Азия ойындарының алты дүркін жеңімпазы болып табылады, соңғы 12 жылда үш рет қатарынан Азия ойындарын жеңіп алды, әйелдер командасы Азия ойындарының күміс және үш қола медалінің иегері.Су добы - бұл жалғыз отандық ойын спорты болып табылады өз кезегінде төрт Олимпиада ойындарының қатысушысы, Әлем чемпионаттарының финалдық кезеңдерінің тұрақты қатысушысы, Азия ойындарының жоғары сұрыпты медальдарын тұрақты түрде үнемі жеңіп отырады».