Нұр-Сұлтанның 32 спорт ұйымының басын біріктірген жарыстың осылайша аталуы да бекер емес. Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші, қазақтың атын шығарған көптеген асыл тумалардың өңірі.
Бұл сайысқа өз спорт ұйымдарының беделін ақтау үшін келген жас спортшыларымыз, ертең байрақты бәсекелерде еліміздің намысын қорғап, спорт әлеміне Сарыарқаның жаңа толқыны болып енеріне күмәнім жоқ.
Осылайша, кесек тарихы, оқшау ерекшелігі бар Сарыарқа мекені жаңа тарихты жасайтын жас буынмен бірге жаңғырып-жасарып отыратын болады. Сол себептен, «Сарыарқа толқыны» жарысының өңіріміздің жаңа толқын өкілдері үшін көптеген мүмкіндіктерге жол ашып, бойларына жігер, серпін сыйлаған жарыс болғанына сенемін.